Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризм тек біздің елімізде ғана емес, барлық әлем елдеріне қауіп төндіріп отырған халықаралық мәселеге айналды. Жалпы діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не? Олардың таралуы себептері мен қоғамға тигізер зардабы қандай? Ал алдын алу үшін не істеу керек?
Тимур Нүсіпхан, «IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі (РАТТ), Теология phd докторанты:
— Діни экстремизмнің қоғамға тигізер зардабы белгілі. Өйткені қазіргі кезде үлкен аңыздар мен әңгімелерге арқау болған, әйгілі Бағдат шаһары, Шам елі, Ирак, Ауғанстан секілді мемлекеттер бүгінгі күні тарих сахнасынан жойылып кетті десек те болады. Өйткені ондай бір мемлекет, ондай бір дәстүр, ондай бір мәдениет жоқ. Неге? Оның себебі осы экстремисттік-террорлық топтар. Олар ана мен әкені, ана мен баланы, әкесі мен ұлын бір-біріне қарсы қою үшін, ұлын мемлекетіне, ұлтына қарсы қою үшін жұмыс істеді. Сол үшін мұндай экстремисттік-террорлық топтардың еліміз үшін соғыссыз, ешқандай басып алушы, арықарай бүлік шығарушы үлкен зияны бар. Мұны әлеуметтік желіден-ақ көруге болады. Жоғарыда айтып өткен мемлекеттерде орын алған экстремисттік-террорлық содырлардың әрекетенің зардабы, қандай зиянды әрі қауіпті екені интернет бетінен де көруге болады.
Елімізде осындай экстремисттік және террористтік топтарға қарсы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті, әрбір облыс әкімдігінің жанындағы Дін істері басқармалары, оған қарасты зерттеу, оңалту орталықтары, ол жердегі теолог мамандар, психолог, дінтанушы, исламтанушы, Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жұмыс жасауда. Осы жат ағымдармен өзінің тілінде, өзінің көзқарасында, оларды райынан қайтарып, дәстүрлі ұстанымға қайтару мақсатында оңалту жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар 10 жылдан бері жасалып келе жатыр. Соның нәтижесінде көршілес елдерде болып алып жатқан террорлық акттер соңғы жылдары елімізде орын алмады. Тіпті бетін аулақ қылсын деп тілейміз. Осы жұмыстардың нәтижесінде елімізде діни ахуал тұрақты деп айта аламын. Әрине жүз пайыз ерекшеміз, дамып кеттік деп айтуға келмейді. Өйткені әлі де кемшін тұстарымыз бар. Және бұл бағытта жұмыла жұмыс жасауымыз керек, оларға қарсы тосқауыл қоюмыз қажет.
Дайындаған Ақбота Ерболқызы


