Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қаласында күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы қаласында 24 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Павлодар облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталыгында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, 25 шілдеде басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 24-25 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.