«Қазақстанның ұлттық құндылықтары — болашақ кепілі» атты дәріс өтті

Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазалы жасөпірімдер арасында, мекеме теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы  әділет аға лейтенанты Н.Сугралиеваның  ұйымдастырумен іс-шара өтті. Алматы қаласы және Алматы облысы дін істер басқармасының ақпаратты түсіндіруші топтың сарапшысы лектор Кудерина Айжан Нурхамидтовна, Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің  дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы  «Қазақстанның ұлттық құндылықтары болашақ кепілі» деген тақырыпта діни сауаттылықты артыру мақсатында дәріс өткізді.

Дәрістің бағдары: Қазақстан республикасының зайырлы саясаты және деструктивті діни ағымдардың белгілері мен сипаттарын түсіндіру. Қазіргі уақытта мелекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне орай көтеріліп жатқан күрделі мәселелердің бірі ол теріс ағымдағы яғни деструктивті экстремистік діни ағымдардың белең алып, кеңінен етек жайып еліміздің тұрақсыздығына әкеліп соғатын мәселелерге байланысты, мелекетіміздің зайырлы саясатын насихат етуміз жөн.

Мәселенің салдары емес себебін табуды алдыңғы мақсатқа қойып: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн» деп, біздер мемлекетімізге жан жақтан еніп, тарап жатқан теріс бағыттағы діни экстремистік топтарға біздің жас буындар еріп кетпеуіне көмек болар шараның бірі ол:еліміздің тарихы терең рухани құндылықтарын дәріптеп, деструктивті діни ағымдардың сипаттарын көрсетіп беру.Зайырлылық негіздерін түсіндіру. Заңмен ережеге бағынып,өз ара шыдамдылық пен сыйласуға шақыру. Мемлекетіміздің тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері мен өнегесін танып,мұра ретінде сақтап, мәдениетін насихаттауды мақсат ету керек. Рухани жан дүниесі бай, діни сауатты ой өрісі кең болып өскен, өнерлі ұлттық тәрбие алған жас буын ұрпақтарымыз кез келген теріс діни ағымының ықпалына түспей, өз қауіпсіздігін өзі сақтай алатыны жазалы жасөпірімдерге дәріс барысында тереңнен түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті жоғары деңгейде өтті, қатысушылар пайдалы дұрыс ақпарат арнайы маманнан алды. Осындай іс-шараның өту мақсаты: іс-шаралар жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің діни сауатын арттырып, теріс ағымдардан сақтандыруға бағытталған.

                                                      №11 мекемесі Еркегүл Жеңісхан

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...