12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қанша этникалық қазақ жаңа шарттар бойынша қандас мәртебесін алды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа шарттар бойынша қанша этникалық қазақ кандас мәртебесін алғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді. Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілген.

Кандас мәртебесі келесі шарттарды ескере отырып:

  • қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру үшін (еңбек тапшылығы бар өңірлер);
  • демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру үшін;
  • тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен (немесе егер өтініш беруші тұрғын үй иесі болып табылмаса, оның тұруына туыстарының нотариат куәландырған келісімін берумен) өтініш берушінің өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары болып табылатын отбасымен және/немесе жақын туыстарымен (туыстығын растай отырып) қайта қосылуы үшін;
  • жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін (алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып) не тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар этникалық қазақтар қатарындағы дара кәсіпкерлер үшін;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін (оқу орнынан анықтаманы қоса берген кезде) беріледі.

Жаңа тәсілдер іске асырылған сәттен бастап еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныстану үшін 3296 этникалық қазақ (1374 отбасы); агломерациялар аумақтарында және ауылдық елді мекендерде қоныстандыру үшін – 948 адам (475 отбасы); отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін – 5655 адам (2843 отбасы); бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілердің шақыруы бойынша орын – 593 адам (295 отбасы); жоғары оқу орындарының студенттері ретінде – 71 адам (69 отбасы) қандас мәртебесін алған.

Еске салайық, этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясат еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап іске асырылып жатыр. Осы жылдар ішінде Қазақстанға 1 миллион 137,1 мыңнан астам адам оралып, қандас мәртебесін алды.

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.

Елордада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астанада Тәуелсіздік күні 18 нәресте дүние есігін ашты.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі.

Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды

Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.