12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатов әуекомпаниялардың қара тізіміне енді ме?

Өткен күндері белгілі әртістер Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың ұшақ бортындағы мінез-құлқына қатысты оқиғалар Қазнетте қызу талқыланды. Осыған байланысты олар әуекомпаниялардың қара тізіміне енді ме деген сұрақ туындайды. Tengritravel.kz жағдайды зерттеп көрді.

Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың дербес деректерін беруге құқығы жоқ екені туралы айтып, қазақстандық шоу-бизнестің белгілі өкілдері қара тізімге енгізілді ме, жоқ па бөліспеді.

Бұған дейін биылғы сәуірде әуе көлігімен тасымалдауға шектеу қойылған тұлғалардың тізіліміне қанша адам енгізілгенін нақтылаған болатынбыз. Материал жарияланған кезде бұл тізімге 4 адам енгізілгені белігілі болды. Әуекомпаниясы қазіргі уақытта қара тізімдегі жолаушылар санында ешқандай өзгеріс болмағанын айтты. Сәйкесінше, сәуірден бері жағдай өзгерген жоқ және әртістер әуе қатынасы шектелген тұлғалардың тізіліміне енгізілмеген деп болжауға болады.

«78-1, 8-баптың 8-тармағына сәйкес әуекомпания әуе тасымалы шектелген тұлғалар тізіліміне енгізілген жолаушының (жеке тұлғаның) дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес және «дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Бүгінде тіркеуде 4 адам бар», — деп хабарлады әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Біз бұл ақпаратты басқа әуекомпания өкілдерінен де сұрадық. Qazaq Air әзірге бірде-бір жолаушы қара тізімге енгізілмегенін айтты. Scat-та да осындай жағдай.

Айта кету керек, қара тізімге енгізу шаралары борттағы барлық жолаушының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Компания өкілдері жолаушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты олар үшін бірінші кезектегі міндет екенін және оларды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратынын атап өтті.

Қара тізімде қауіпсіздік ережелерін бұзып, басқа жолаушыларға қауіп төндіретін жолаушылардың есімдері жазылатынын айта кетейік. Бұл критерийді бүкіл әлем бойынша әуекомпаниялар пайдаланады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.

Журналистер кәсіби қызметі үшін қудаланбайды – Аида Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі БАҚ саласына қатысты пікір білдірді.

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.