Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкер Алексей Курганскийге қатысты кезекті сот отырысы өтті.
Кәсіпкер Алексей Курганскийге ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған. Атап айтқанда, «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «Аса ірі көлемде жасалған лауазымды тұлғаға жеке пара беруге итермелеу». Дегенмен айыпталушының жақындары бұнымен мүлде келіспейді. Олар істің бәрі әдейі бұрмаланып отыр дейді. 17 шілде күні сот отырысында Алексей Курганскийдің адвокаты прокурор мен Антикорды куәгер алып келе алмағаны үшін сынға алған.
Бұл жолы 4 адам оқиғаға қатысты куәлік етті.
Иманғалиев Аманқос 40 миллион теңге қарыз берген
Алексей Курганскийге қатысты бірінші куәлікті «Альянс ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Исағалиев Аманқос берді. Ол осы істегі тағы бір фигура Мұканбаева Нұргүлге 2021 жылдың сәуірінде, жеке тұлға ретінде осы компанияның басшысы Асқар Керілбайұлымен ортақ ақшасынан 40 миллион теңге қарыз берген. Қарызды нотариалды бекітіп, 2021 жылдың 10 мамырында қайтаратын болып келіскен.
Дегенмен уақыты келгенде Мұқанбаева Нұргүл ақшаны қайтара алмай, орнына өз қызметін ұсынған. Нақтырақ компанияның салықтық процестерін жүйелеу, мемлекеттік сатып алу құжаттарын реттеу және мемлекеттік сатып алуға қатысты депозитарияны тұрақтандыру бойынша қызмет көрсету бойынша ұсыныс тастаған.
Куәгер сөзінше «Альянс ЛТД» ЖШС басшылығы бұған дейін де Мұқанбаева Нұргүлден осы бағыттағы мәселелер бойынша кеңес алып отырған.
Мұқанбаева Нұргүлмен жұмыс жасап үйренген «Альянс ЛТД» ЖШС басшылығы, оның ұсынысын қабылдаған. Сонда Мұқанбаева Нұргүл ақшаны Алексей Курганскийге бергенін айтып, жоғарыдағы компанияның жұмысын осы адам реттейтінін жеткізген. Куәгердің сөзінше сол кезде мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар өзгеріп жатқан кез екен.
Бірақ, куәгер іс Алексей Курганский араласпай-ақ реттелгенін жеткізді. «Альянс ЛТД» ЖШС басшылығы Мұқанбаева Нұргүл алған қарызды енді айыпталушыдан сұраған. Ал ол өз кезегінде 10 миллион теңге көлемінде ақшаны қайтарып, қалғанын кейін беретін болып келіскен.
Десе де куәлік етуші кейінгі қаражаттың қайтқан-қайтпағанын білмейтінін жеткізді. Сот төрайымының «ортақ ақшаның қанша бөлігі сіздікі?» деген сұрағына да куәгер мардымды жауап қатпады.
Елемесов Жалғас көлік пен ақшаны жеткізіп берген
Екінші куәгер Елемесов Жалғас сол уақыттары «Альянс ЛТД» ЖШС-де жұмыс істегенін айтты. Қазір онда қызмет істемейді.
Ол бұл жайтты бірінші куәгердің аузынан естіген. Дегенмен істің мән жайын толық білмеген. Тек Алексей Курганский және оның жанында жүрген Фархат, Эльдар есімді жігіттермен байланысып отырған.
Оның сөзінше, айыпталушы 10 миллион теңгені екінші немесе үшінші рет кездескенде Иманғалиев Амандосқа берген. Ары қарайғы соманы айыпталушы бере алмай біраз созған. Дегенмен, куәгердің есінде нақты күткен уақыты жоқ.
Алексей Курганский оған біраз уақыттан соң жазып, ең кемі анасының базасын сатып қаражатты қойып беретінін жеткізген. Кейінірек Фархат пен Эльдар тағы бір жігітпен екінші куәгерге келіп, «кішкене тұра тұр» деп екі көлік тастап кеткен. Оның бірі Ауди, екіншісі Митсубиси маркалы ескі көліктер.
Елемесов Жалғас бұл көліктердің қалған сумманы жаппайтынын айтқан. Осылайша арада уақыт өте Фархат тағы 20 миллион әкеліп, бір көлікті алып кеткен.
Митсубиси маркалы көлікпен ақшаны Елемесов Жалғас, «Альянс ЛТД» ЖШС-нің басшысы Асқар Керілбайұлына Ақтауға жеткізген екен. Бірақ сол аралықта Алексей Курганскийдің анасы Ольга Поддубная олардың үстінен «ақша мен көлікті қорқытып тартып алды» деп, арыз жазған.
Бірақ Ольга Поддубная ақша мен көлікті қайта қайтарып берсе арызды алатынын жеткізген соң, Елемесов Жалғас талап — тілекті орындаған.
Әділбеков Жұмабай Алексей Курганскийді мүлде танымайды
Үшінші куәгер Әділбеков Жұмабай АС ЖШС құрылыс компаниясының басшысы. Ол Алексей Курганскийді мүлде танымайтын жеткізді. Ол тек Нұргүл Мұқанбаевамен жұмыс жасаған. Мұқанбаева куәгерге мемлекеттік сатып алу бойынша консультация беріп жүрген.
Бұл куәгер де 2021 жылы мемлекеттік сатып алуға енгізілген өзгерістерді түсіну үшін Мұқанбаеваға жүгінген. Кейінірек, Мұқанбаева бұлардан да 60 миллион теңге, нотариалды түрде келісімге келіп қаражат алып, кейін жоғалған.
Асқар Керілбайұлы Курганскиймен тікелей байланыста болмаған
Осы отырыста төртінші куәгер Асқар Керілбайұлы, «Альянс ЛТД» ЖШС-нің директоры Мұқанбаева Нұргүлді 5-6 жылдан бері танитынын жеткізді. «Альянс ЛТД» ЖШС-нің директоры Мұқанбаевамен өзге құрылыс компаниясының ұсынуымен танысқан.
Қаржы министрлігінің ережесі өзгеріске ұшырағалы бері Асқар Керілбайұлы оның кеңесіне жүгінген.
Дегенмен, компания директоры өз куәлігінде Мұқанбаеваға бірден 40 миллион теңгені салықтық ауыртпалықты реттеу, депозитария құжаттарды дұрыстау үшін берген. Ақшаны інісі Иманғалиев Аманқос арқылы берген.
Бірақ інісіне себебін айтпаған. Себебі ол Мұқанбаевамен өзі келіскен. Ақшаны дегенмен қызмет үшін емес қарыз ретінде жаздыртқан.
Ақша соммасын Мұқанбаева белгілеген. Іс дегенмен оның көмегінсіз реттелген. Кейінірек берген ақшасын «Альянс ЛТД» ЖШС-нің директоры, Елемесов Жалғас пен Иманғалиев Аманқос арқылы айыпталушыдан алып отырған. Десе де өзі Алексей Курганскиймен байланыста болмаған. Бірақ Ольга Поддубнаяның арызына қатысты бар қаражатты және көлікті Алексей Курганскийдің анасына қайтарып берген
Айыпталушының адвокаты кей сұрақтардың жауаптарына қанағаттанбады
Осы отырыстары куәгерлердің бәрі адвокаттың «Мұқанбаевадан істі қалай шешпек екенін сұрадыңыздар ма?» деген сауалына, «сұрамадық» деп жауап қатты.
Және куәгерлердің қаражатты қызмет үшін емес, қарыз есебінде бергендерін қайта-қайта нақтылады.
Сот төрайымы Алексей Курганскийдің анасын қорғаушы ретінде отыруына қарсы болды. Өйткені ол куәгер ретінде тіркелген.
Сотта әлі екі адам куәлік етпеді. Оның бірі Мұқанбаева, екіншісі Ольга Поддубная. Прокурор екі адамның келесі отырыста куәліклік ететінін жеткізді. Келесі тыңдалым 23 шілдеге белгіленді.
Ескеретін жайт, айыпталушының анасы Ольга Поддубная тергеу 18-і күні аяқталып, прокуратураға тапсырылғанын айтады. Алайда 20 маусымда тергеуші тергеу аяқталғанына қарамастан өз әрекетін заңсыз жалғастырған. Және кей құжаттарға қинап қол қойғызған-мыс.
Ал адвокат Ғабит Өмірбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәлелсіз істі тіркемеуі керек еді дегенді алға тартады. Оның айтуынша, іс қиял-ғажайып сценарийлер бойынша қозғалған, егер күдіктінің кінәсі дәлелденбесе, құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығына байланысты іс қысқартылуға тиіс.