Ойын мекемесіне барудан тартыну міндеті туралы мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.

Осыған байланысты, Департаментпен тұрақты түрде профилактиға бағыталған іс-шаралар жүргізіледі.

Мәселен, 2024 жылғы 19 маусым күні Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Узбеханов «Мемлекеттік қызметшілері үшін құмар ойындарға тыйым салу» тақырыбында экология саласындағы мемлекеттік қызметшілерге жиналыс өткізді.

Дәріс барысында, Н.Узбеханов мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін ұстану, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндерретіне қатысты  түсіндірме жүргізді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың бірі болып қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну туралы қатаң ескертілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы — мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылатындығы түсіндірілді.

Сонымен қоса, жиналыс соңында, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатындығын айта келе, жұмыс барысында қызметтік әдепті бұзуға қатысты кездескен кейстар талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Л.Н.Науқанбай

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...