12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тоқаев ойын бизнесі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ойын бизнесі туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойды

Былтырғы жылдың қыркүйек айында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қ. Тоқаев “Соңғы жылдары Қазақстанда ойынға тәуелділік жағдайы кең ауқым ала бастады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен трагедияға айналды” деген болатын. Президент нақты тапсырмалар беріп,

азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулер белгіленді.

Қылмыстың өсуі, отбасылардың ыдырауы, тәуелділікке байланысты адам трагедиялары заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларының қажеттілігін талап етті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Respublica партиясынан депутаты Руслан Берденов құмар ойындардың таралуын шектеуге бағытталған заңнамаға бірқатар түзетулердің авторы болды.

Бүгін ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға қол қойғаны белгілі болды.

Мәселен, заңда адамдардың құмар ойындарға қатысуын 21 жасқа дейін, борышкерлер тізіліміне енгізілген адамдарды шектеу, өзін-өзі шектеу мүмкіндігі, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы ұйымдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары үшін ойындарға тыйым салу көзделеді.

Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі белгіленді, электрондық казино, интернет-казино жарнамасы, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасы бар смс-хабарламаларды жіберуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға ішінара тыйым салынады. Лицензиясыз лотерея қызметіне және шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет-ресурстарының жұмысына шектеулер белгіленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциялау енгізілді.

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...