Астанада қанша адам тұрады?

Астана күні қарсаңында қала тұрғындарына қатысты тың деректер белгілі болды. Толығырақ — Tengri Life материалында.

Хабарлама Ұлттық статистика бюросының ресми Telegram-арнасында жарияланды.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, халық саны 1 464 415 адамға жетті. Оның 696 234-і ерлер, 768 181-і әйелдер.

«2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас, ерлер үшін 74,23 жас, әйелдерде 81,28 жас болған. 2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас болды», — делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтар-мамырдағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам. 

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.