Мемлекеттік қызмет заңнамасы бұзылуының алдын алу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істерінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржанмен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және оның 8 аудандық басқармалары қызметкерлерімен шығып кездесу өтікізілді.

Алғашқы болып сөз алған Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын ұстануда азаматтармен қарым-қатынасы,  әдеп нормалары, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы төзбеушілік тақырыпты кеңінен ашып тарқатты.

Семинар-кеңесте Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Сұлтанқызы Каткеновамен атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндама жасалды.

Бұдан бөлек, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қанат Әсембайұлы Сәлімбаевқа сөз берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істерінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржанмен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы толық түсіндірме берілді.

Antikor өкілі Қанат Әсембайұлы және мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі Нұржан Болатбекұлы өз салалары бойынша семинар-кеңеске қатысушыларға бірқатар ұсынымдар мен кеңестер беріп, жемқорлыққа бірге қарсы тұруға шақырып, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

 Осындай ашық сұхбаттар, семинарлар-кеңестер арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы оңтайландырылатын өзекті мәселелер мен мемлекеттік қызмет саласын жақсарту мақсатындағы ұсыныстар басты назарға алынды.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Узбеханов Нұржан,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істерінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...