Қазақстандықтарға 43 градусқа дейін ыстық болатыны ескертілді

Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, оның салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.

«Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33…+43 градусқа дейін жетеді», — делінген хабарламада.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.