2024 жылы Қазақстан кәсіпорындарында қанша адам қаза тапқан?

Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы және Еңбек министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті басшысы Төлеген Оспанқұлов Қазақстандағы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың көбейгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 626 қызметкер зардап шеккен, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8 пайызға артық (518 қызметкер), оның 79-ы қаза тапқан, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға артық (61 қызметкер)», — деді Төлеген Оспанқұлов Қостанай облысындағы өндірісте жарақат алу мәселелері бойынша кеңесте.

Оның айтуынша, Қостанай облысында (61 адам зардап шеккен), Абай облысында (51 адам), Қарағанды ​​облысында (44 адам) және Алматыда (42 адам) өндірісте жарақат алу жоғары деңгейде.

«Қостанай облысында зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында тіркелді – 14 пайыз, машина жасау саласында – 9 пайыз. Бұл ретте жарақаттану деңгейі жоғары кәсіпорындардың бірі «Қостанай минералдары» АҚ болып отыр. Бұл кәсіпорында соңғы 5 жылда 11 адам зардап шекті, оның ішінде 1 адам қаза тапты», – деді Оспанқұлов.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.