Астанада 3 шілдеде отшашу атылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют атылады. Шараның болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.
«Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады», — делінген хабарламада.