Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денесі Қазақстанға жеткізілді

Қырғызстанда қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

«Бүгін қаза тапқандардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен мешіт қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алған. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Еске салайық, Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында жұма, 28 маусымда жойқын сел жүрді. Қаза тапқандар арасында қазақстандық балалар да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.