spot_img
spot_img

Астана күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Әкімдік өкілдері Астана күнінде елордада қандай шаралар өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай Астанада 100-ге жуық түрлі іс-шара өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдар, спорттық турнирлер және т.б. өтеді.

31 тамызға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері сағат 14:00-ден бастап қалалық алаңда, орталық жағалауда (Есіл өзені), Орталық саябақта (амфитеатрға қарама-қарсы), «Жерұйық» саябағында, «Жетісу» саябағында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, флешмобтар қамтылып,»Creative summer» жазғы жобасы өтеді.

3 шілде күні сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның үздік дәстүрлі әншілері, күйшілері, жырларына арналған «Асыл мұра» мерекелік концерті өтеді. Оған өнер қайраткерлері мен еліміздің танымал шығармашылық ұжымдары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева және басқа да әртістер бар.

5 шілдеде сағат 19:00-де Амфитеатрда «Аялаған Астана» гала-концерті өтеді, бұл жоба дамуға ықпал етеді және қазақстандық жас таланттарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік береді.

5 шілде күні сағат 15:00-де «Жастар» театрында «Байрағы биік байтағым» ақындар арасындағы республикалық мүшайра байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

5 шілдеде сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді. Кіру тегін. Фестиваль үш негізгі блоктан тұрады – кітап жәрмеңкесі, білім беру бағдарламасы және балалар мен отбасыларға арналған бағдарлама.

5-7 шілде аралығында елордада «Театральная Еуразия» I Халықаралық көше театрларының фестивалі өтеді. Іс-шараға Эстония, Польшп, Мәскеу және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістері қатысады.

6-7 шілдеде сағат 12:00-де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябақта шеруді аяқтайды.

ЕЛДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 85 МЫҢ ТЕҢГЕ

Елімізде ең төменгі жалақының көлемі аз. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша оның мөлшері халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатындай, яғни, медиандық жалақының кемінде 50 пайызына тең болу керек. Нақтырақ айтқанда кемінде 150 мың теңгеге жетуі тиіс.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

На пути к цифровому будущему: взвешивая возможности и риски

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА С АКЦЕНТОМ НА УСКОРЕННУЮ ЦИФРОВИЗАЦИЮ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА (ИИ) ЗАДАЕТ АМБИЦИОЗНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ НАЦИИ. ЭТОТ КУРС НЕСЕТ В СЕБЕ БОЛЬШОЙ ПОТЕНЦИАЛ ДЛЯ ТРАНСФОРМАЦИИ ЭКОНОМИКИ И ОБЩЕСТВА.

ОХРАНА КОНЦЕРТОВ – НЕ ФУНКЦИИ МВД

НА ПЛЕНАРНОМ ЗАСЕДАНИИ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА ЗАТРОНУТ ВОПРОС ГРАНИЦ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ НА ЧАСТНЫХ МАССОВЫХ МЕРОПРИЯТИЯХ. ДЕПУТАТ ОТ ФРАКЦИИ ПАРТИИ «RESPUBLICA» ОЛЖАС КУСПЕКОВ ВЫСТУПИЛ С ЖЕСТКОЙ КРИТИКОЙ ПРАКТИКИ МАССОВОГО ПРИВЛЕЧЕНИЯ СОТРУДНИКОВ ПОЛИЦИИ К ОБЕСПЕЧЕНИЮ ПРАВОПОРЯДКА НА КОММЕРЧЕСКИХ КОНЦЕРТАХ И СПОРТИВНЫХ ШОУ.