Парламент депутаттары каникулға кетті

Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті қаулы етеді:

  • Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабылды деп есептелсін.
  • 2024 жылғы 1 шілде – 1 қыркүйек аралығы парламенттік каникул деп жариялансын.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.