12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар жайлы

Жалпы, мұрагерлік құқық туралы біз не білеміз?

              Бұрынғы кездері қазақтарда отбасының әкесі, отағасы көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүрімізге сәйкес мұрагерлікті реттеп отырған болатын, ал қазіргі таңда атадан балаға қалатын мирас Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (әрі қарай – АК) талаптарына сәйкес рәсімделеді.

           Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде мұрагерлікке қатысты сұрақтарды шешу барысында, қандай да бір мүлікті мұраға қалдырудың соңы кей жағдайда дау-дамайға ұласып, бауыр-туыс арасында соттасуға дейін барып жататын жағдайлар да көптеп кездеседі. Алайда, кей кездері осындай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін немесе басқа да себептерге байланысты кейбір азаматтар мұрагерліктен бас тартуы да мүмкін. Ал мұрагерліктен бас тарту құқығы — мұрагердің заңды әрекеттерге құрылған біржақты мәмілесі. Нәтижесінде оның ашылған мұраға қатысты мұрагерлік құқығы тоқтатылады.

Мұрагерлік құқыққа қатысты дауларды болдырмас үшін мұрагерлік туралы құқықтық сауатыңыз болғаны дұрыс.

Сонымен, мұрагерлік — қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) — мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы болып табылады. Яғни, қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

           Жалпы, мұра мәселесі АК-тің 6-бөлімінде толық қарастырылған. Аталған Кодекстің 1039-бапқа сәйкес, мұрагерлiк — өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Ал өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орындалады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

      Сондай-ақ, мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.

            АК-тің 1042-бабына сәйкес, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

      Сондай-ақ, мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Өз кезегінде, азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

     Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасау қажет.

      Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.

      Өсиеттi өсиет қалдырушыныі өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.

      Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы.

Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқысы бар.

      Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай да бiр бөлiгiне билiк ете алады.

      Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.

Көп жағдайда мұрагерлік нотариус арқылы рәсімделеді.

Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс.

Сонымен қатар, заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.

      Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi — тең үлеспен алады.

      Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады деген сөз.

           Өз кезегінде, мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.

Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.

      Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады, сондай-ақ, мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.

Мұраны қабылдаған кез келген мұрагер заң бойынша мұраны бөлудi талап етуге құқылы екенін ескеру қажет.

      Мұраны бөлу мұрагерлердiң келiсiмi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес, ал келiсiмге қол жетпеген кезде — сот тәртiбiмен жүргiзiлетінін ескеріңіздер.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Абдумалик Адилов

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...