Елімізде 4 күндік жұмыс аптасына қай саладағы жұмысшылар ауыса алады?

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қандай қызмет саласындағы жұмысшылар ауыса алады? Бұл туралы сұрақ вице-премьер Тамара Дүйсеноваға қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Еңбек кодексінде Қазақстандағы 4 күндік жұмыс аптасы туралы норма ресми түрде жазылғанын еске салды. 4 немесе 5 күн жұмыс істеу туралы шешімді жұмыс беруші мен оның қызметкерлері қабылдайды.

«Бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас. Біз әсіресе қысқы уақыт туралы айттық, мысалы, қонақүйлер жұмысшының 4 күн жұмыс істегенін тіркей алады, бірақ содан кейін туристер, келушілер ағыны болған кезде олар 6 күнге дейін ұлғаюы мүмкін, бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек. Жұмыс уақыты да сақталуы тиіс», — деді Тамара Дүйсенова мәжіліс кулуарында.

Ол жұмыс аптасының ұзақтығы әрбір қазақстандықтың қызмет саласына байланысты екенін атап өтті.

«Менің ойымша, қызмет көрсететіндер (4 күндік жұмысқа көше алады — еск.): туризм, қонақүй бизнесі, қызмет көрсету саласындағылар. Бұл салалар осы бағытта жұмыс істей алады», — деп толықтырды вице-премьер.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.