Еліміз нашақорлықпен күреске үлкен көңіл бөлуде — Қасым-Жомарт Тоқаев

26 маусым – нашақорлықпен күрес күні. Қазіргі таңда еліміз нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске айырықша мән беріп келеді. Соның аясында Қазақстан нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің үш жылға арналған кешенді жоспарын әзірлеп, бекітті. Оның негізгі мақсаттарына есірткінің қоғамға аса қауіпті түрлері, әсіресе синтетиканың жолын кесу, нашақорлыққа тәуелділікті ерте анықтау, есірткіні қолданатындарды анықтау, уәкілетті органдардың құзыреті мен мәртебесін арттыру және материалдық-техникалық жағдайды жақсарту кірді.

Мемлекет басшы да халыққа Жолдауында және сайлау алды бағдарламасында осы нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алу мәселенің өзектілігіне тоқталған еді. Ал 2024 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскиймен кездескен болатын.

Жиында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Президент: «Сіздің миссияңыз өте маңызды. Біз оны нашақорлыққа қарсы күреспен байланысты ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Елімізде біз осы мәселеге көп көңіл бөлеміз. Жақында Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзімде, біз халық арасында есірткі заттарын өндірумен және заңсыз өткізумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату бағытында заңнамамызды өте байыпты түрде қайта қарауымыз керек дедім. Сіз Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясын басқара отырып, адамзат мүддесі үшін маңызды миссияны атқарып келесіз. Қазақстан Комиссиямен белсенді өзара қарым-қатынас жасауға дайын», — деп атап өтті.

Ал Александр Квасьневский есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтып, сөз соңында тараптар өзара нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз таралуына қарсы күрес бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, тамырын тереңге жайған есірткі бизнесінің жолын кесу – дүниежүзі елдері үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Онымен күреске Қазақстан да үлкен көңіл бөлуде. Себебі, миллиондаған өмірлерді жалмаған есірткінің қасіреті туралы қаншама айтып, алдын алу шараларын жүргізсек те, азаймай отыр.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.