12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиацияның маңызы зор!

Сот саласында қазіргі таңда өзінің тиімділігін дәлелдеп келе жатқан жүйенің бірі медиация. Аталмыш жүйе азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылады.

Медиацияның сот жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай, уақыт үнемдеу және сот барысындағы қаржылық шығындардың да алдын алуда маңызы зор. Халықаралық статистикаға сәйкес, әлем бойынша барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтіп, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізіліп келеді екен. Сондықтан Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кінәлілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді. Көп адамдар істің жария болмағанын қалап жатады. Мұндай кезде медиациядан артық жүйе жоқ. Қазіргі таңда елімізде медиацияның қолданыс аясын кеңейтіп, көбірек қолдану мақсатында түрлі жағдайларда қолдана бастады. Мәселен ассамблея қазіргі таңда медиацияның тынысын ашуға тырысып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта медиацияның әлі де көбірек қолданылатынына сенім мол!

Ж.Б. Агедилова, Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...