12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

24 маусым – судья және сот қызметкері күні

Судья мен сот қызметкерлерінің күніне орай Қызылорда облыстық сотында мерекелік шара өткізілді.

Салтанатты шараны Қызылорда облыстық соты төрағасы  Ә.Шығамбаев ашып, сот жүйесі – мемлекеттік биліктің маңызды тармағы болып табылатынын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін айта келіп, сот жүйесінің жетістіктеріне тоқталып, сот ұжымын мерекемен құттықтады.

Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен судья және сот қызметкері күні осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқанын айта  келіп, судьялар мен сот мамандары сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға ерекше еңбек сіңіріп келе жатқанын атап өтті.

Салтанатты шараға арнайы келген Қызылорда облысының прокуроры Р.Ожаров сот ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап,  Қызылорда соттары азаматтардың құқығын қорғауға зор үлестерін қосып келе жатқанын айта келіп, сот жүйесінің өкілдеріне игі тілегін білдірді.

Мерекелік шара барысында ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Ибрашев, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова, Жоғарғы Сот төрағасының Құрмет Грамотасымен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Р.Шамшиев марапатталды.

 «Үш би» төсбелгісі Қызылорда облыстық сотының судьясы Е.Турбаевқа, Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаевқа, «Жеті жарғы» төсбелгісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А.Сабыровқа, Арал аудандық сотының төрағасы К.Сәдуақасоваға, Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Тиштикбаеваға, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы Г.Искаковаға, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Қ.Абдуллаевқа табысталды.

ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Жұмағамбетова құжат айналымы бөлімінің басшысы  А.Әбілқасымқызы, №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Қасымова марапатталды.

Сонымен қатар, бірқатар судьялар мен мамандарға Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты, Судьялар Одағының, Сот Әкімшілігі басшысының, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының, Қызылорда облысы прокурорының Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...