«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»

Ұлттық жоба қатарындағы ең маңыздыларының бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері». Жобаның мақсаты — халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету арқылы халықтың жайлы өмір сүру ортасын құру. Сондай-ақ, бұл жоба еліміздегі өңірлер арасындағы айырмашылықты азайту үшін іске қосылғанын атап өту керек.

Ұлттық экономика минисрінің Үкімет отырысындағы мәліметінше, ұлттық жобаны іске асыруға 1,4 трлн теңге жұмсалған. Ал 2021 жылы бағдарламаға ұлттық валютада барлығы 1,5 трлн бөлінді. 2021 жылы ұлттық жобаны іске асыру белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш 96 пайыз, моно және шағын қалалардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуы 57,6-дан 45,5 пайызға дейін төмендеді, 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жолдардың сапасы жақсарды. 112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды.

Ал 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыруға 1,8 трлн теңге қарастырылды.

Ақмола облысы

Жоба мақсатын орындау үшін Ақмола облысында «Ауыл — ел бесігі» жобасы, ірі қалалардың, моно- және шағын қалалардың шеттерін дамыту бағдарламалары іске асырылды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Ауыл — ел бесігі» жобасы бойынша соңғы төрт жылда 85 ауылда 222 жоба іске асырылды, бұл 200 мыңнан астам ауыл тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. 2023 жылы өңірде 150 мыңнан астам ауыл тұрғыны тұратын 66 ауылдық елді мекенге қатысты 105 жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұған әлеуметтік саланың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың және көлік инфрақұрылымының 30 объектісін салу; су және электрмен жабдықтаудың және әлеуметтік саланың 8 объектісін реконструкциялау, сондай-ақ 30 ауылда 28 объектіні күрделі жөндеу және көше-жол желісін жөндеу кіреді. 

Астананың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы бойынша 2023 жылы 5 ауылда 15 құрылыс жобасы жүзеге асырылды. Моно — және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 5 әкімшілік орталықта жылумен жабдықтау желілері мен жол құрылысы бойынша тағы 6 нысан пайда болды.

Жергілікті билік жас мамандарды мемлекеттік қолдауды көздейтін ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына жіті назар аударды. Жобаны іске асыру кезеңінде 2009 жылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3405 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілген.

Ақтөбе облысы

2023 жылы өңір кәсіпорындарының негізгі капиталына 1,1 триллион теңге инвестиция салынған. Жалпы құны 56,9 миллиард теңге болатын 18 инвестициялық жоба іске асырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылды. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан, құны 37,4 миллиард теңге тұратын Дон тау-кен байыту комбинатында көптеген жылдар бойы жинақталған шламдарды қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы қайта іске қосылды. Нәтижесінде 270 жұмыс орны ашылды. Жоба аймақтың экологиясына оң әсер етіп келеді.

Ішкі нарықты қажетті мұнай жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы бұрғылау қондырғылары мен мұнай-химия реагенттерін шығаратын зауыттар іске қосылды. Бірінші жобаның арқасында 100 жұмыс орны ашылды, ал құны 4,9 миллиард теңге, екіншісі — 726 миллион теңге, 30 жұмыс орны құрылды. Батыс өңірде мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру бірегей жоба.

Ал 2024 жылы қандай инвестициялар қарастырылған?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген декомпозициясына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша 2024 жылға арналған инвестициялар жоспары 1,3 триллион теңге. 2024 жылы 800-ден астам жұмыс орны ашылды, 201 миллиард теңге сомасына 27 инвестициялық жоба іске асырылады. Сонымен қатар, 45 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 110 миллиард теңгелік жел электр станциясының құрылысы жоспарланған. 166 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 45 миллиард теңге болатын «Лиманое» кен орнын игеру көзделген. 100 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 10 миллиард теңгелік Темір кендерін құрғақ магнитті сепарациялау зауытын салу, сондай-ақ 25 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 5,2 миллиард теңге болатын «Қазфилтех» ЖШС қой жүні негізінде жылу оқшаулағыш тоқыма емес құрылыс материалдарын шығаратын өңірдегі алғашқы бірегей зауытты іске қосу жоспарланған.

«Қазфилтех» ЖШС-нің серіктестік несие алған өнеркәсіпті дамыту қоры алдында міндеттемелері бар. Нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құны 11,9 миллиард теңгеге жуық №1 балқыту цехын жаңғырту жоспарланған.

Абай облысы

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында Жарма ауданы Қалбатау ауылында 50 пәтерді қамтитын 25 үй, сондай-ақ Шар қаласында 10 пәтері бар 5 үй пайдалануға берілді.

Қостанай облысы

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, ұлттық жоба шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша бірқатар жоба іске асырылды. 2024 жылғы жағдай бойынша облыс бойынша ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 80,4 пайыздан 86,7 пайызға дейін, қала халқы бойынша 98,2 пайыздан 98,6 пайызға дейін ұлғайды. Сумен жабдықтау және су бұру бойынша 69 жобаны іске асыруға 21,1 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Оның ішінде 53 жоба ауылдық жерлерде, 16 жоба қалаларда жүзеге асырылды.

2024 жыл

2024 жылға сумен жабдықтау және су бұру бойынша 59 жобаны іске асыру үшін 18,8 млрд теңге бөлінді. Ұлттық қордан – 13,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 1,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,9 млрд теңге жұмсалады. Бұл ретте әкімдікте бұл 24 қалалық және 35 ауылдық жоба болатынын атап өтті.

Биылдың өзінде облыс бойынша ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 86,7 пайыздан 90 пайызға дейін, қала халқы бойынша 98,6 пайыздан 99 пайызға дейін артады.

Биыл жылумен жабдықтау объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 18 млрд теңге қарастырылған. Қостанай және Рудный қалаларында қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Арқалық қаласында ЖЭО-да іске қосу-баптау жұмыстары аяқталып, химиялық су дайындау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді. 21 км жылу желілері қайта жаңартылды.

Қостанай облысында 501 елді мекеннің 79-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. 2024 жылы Қостанай облысының елді мекендерін газбен жабдықтау бойынша алты жобаны іске асыруға Ұлттық қордың, республикалық және облыстық бюджеттің қаражатынан 2,4 млрд теңге бөлінді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы экономиканы жаңа деңгейге көтеруге және қазақстандықтардың қала және ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік жобаны енгізудің ең елеулі әсері — тұрғын үй-коммуналдық, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту есебінен адамдардың өмір сүру жайлылығының өсуі.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...