«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚОҒАМҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Қоғам арасында ең қызу талқыланған құқықтық құжаттың бірі – «Масс-медиа туралы» заң. Ақпарат айдынының тізгінін ұстаған журналистер қызметімен өзектес болғандықтан, бұл заң жобасының дайындалуына тілшілер қауымы белсене атсалысты. Құжат сапалы, сауатты дайындалып, ақпарат өкілдерінің құқықтық, әлеуметтік жақтан қорғалуына, түрлі қысымдардан азат болуына негіз қалайтын басымдықтардың заңнан көрініс табуына журналистер қауымы барынша ден қойды. Міне, осы талас-тартыс тудырған жаңа заңға ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Жаңа заңның қолданысқа енуімен бұған дейін тәжірибеде болған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарының күші жойылды. «Масс-медиа туралы» заңның қабылдануына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында берген тапсырмасы түрткі болған еді. Жолдауда Президент мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарауды тапсырған болатын. Құжатта осы талаптардың барлығын қамтуға күш салынды. Алайда оның қаншалықты дәл, оңтайлы, заңды орындалғанын тәжірибе көрсетеді. Жаңа заңның журналистер қауымына ұсынатын жаңалығы аз емес. Соған орай, масс-медиа ұғымының аясы кеңейіп, интернет-ресурстар да бұқаралық ақпарат құралдарымен бірдей құқыққа, мәнге ие болғанын айта кеткеніміз жөн. Заңда сондай-ақ журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. Осылайша «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізіліп, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарды қолдану тетіктері бекітілді. Ең негізгісі, енді журналистердің өздері жазған, ұсынған ақпарат үшін жауаптылыққа тартылу мерзімі бір жыл болып белгіленді. Бұл оқырманына күнделікті түрлі ақпарат ұсынатын журналистердің жинаған дәлелдеректерін бір жыл көлемінде сақтап, одан кейін жоюына толық мүмкіндік береді. Тиісінше, ар-намысыма, іскерлік беделіме нұқсан келді деп, ақпаратты теріске шығаруды талап етушілер бір жыл ішінде сотқа жүгініп үлгеруі керек. Сұрақтары мен сұратуларына жауап беру мерзімінің қысқаруы да – БАҚ өкілдері үшін үлкен жеңіс. Бұрын сауалына айлап жауап ала алмай, пұшайман күй кешетін журналистерге енді құзырлы органдар бес жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға міндетті. Заңдағы бұл жаңалық жедел ақпарат таратуға жол ашады. Жаңа құжаттағы ең үлкен талас мемлекеттік тілде ақпарат таратудағы пайыздық үлеске байланысты өрбіді. «Масс-медиа туралы» заңдағы көптеген өзгеріс пен шектеулерде тізе біріктіріп, бір мақсатқа ұйысқан қазақтілді журналистер мен орыстілді журналистердің пікірі «мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға ұлғайту» туралы ұсынысқа келгенде екіге бөлінді. Осы тұста «қазақша контент жасауға жағдай жоқ», «қазақтілді журналистердің мүмкіндігі жетпейді» деген негізсіз қарсылықтарға қарамастан, заңда 60 пайыздық меже бекітілді. Және бұл дұрыс шешім. Жалпы, алдағы уақытта мұндай тартыстар орын алмас үшін, мемлекеттік тілде хабар тарату межесін біртіндеп көбейте берген орынды.

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?