«Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

         Бүгін, Департаментпен «Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Ә.Әлімхан, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік кеңесінің мүшелері  Б.А.Жапаров, Б.К.Камалов, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ф.М.Халықов, «Еріктілер кеңесі» консультативтік кеңесінің мүшелерімен ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының тыңдаушылары қатысты.

         Жиында «Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесін арттыру», «Жастардың мемлекеттік қызметке қатысуын арттыру», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тең жағдай жасау» тақырыптарда талқылау жүргізілді.

         Шақырылған спикерлар аталған тақырыптар бойынша сөз сөйлеп, сандық көрсеткіштер және мысалдар келтіре отырып тыңдаушыларға ақпарат берді.

         Қатысушылар шақырылған спикерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық қанды жауаптар алды.

         Іс-шара соңында мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосқан, өзінің адал еңбегімен көзге түскен қызметкерлер грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Алматы қаласы

бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы А.Тасов

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...

Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның Жобалық...

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...