Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: шешім қабылдау мерзімдері аталды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда уақыт белдеуін қайта өзгерту мәселесі петиция аясында қаралатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді. Парламенттің бірлескен отырысының алдында журналист ведомство басшысына «Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петицияны қарастырып жатырсыздар ма?» деп сауал жолдады.

Арман Шаққалиев петицияны қарау тәртібін түсіндірді.

«Петицияны заңда бекітілген алгоритм бойынша қараймыз. Бүгін жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр. Бұл – бірінші кезең, яғни ұйымдастыру жұмысы жүріп жатыр. Өтініш беруші ұсынған барлық адамды яғни (жұмыс тобына) кім кіруі керек, оған енгіздік. Қазір бұл топта жұмыс істеу принципін айтып жатырмыз: ашықтық, аргументтің болуы, сыйластық. Жұмыс кестесін бекітіп, күн тәртібін бекітіп жатырмыз. Шахмат ойынындағы сияқты әрбір жүрісі дәлелге сүйініп жасалады, құр айыптауға, эмоцияға бой бермейміз. Бұл – петицияны қарастырудың екінші кезеңі. Үшінші кезеңде, комиссия қорытындыны шығарып, өз шешімін айтады. Төртінші кезең, петиция 40 күн қаралатынын білесіздер. Сондықтан заңда бекітілген мерзімге сәйкес барлығы іске асырылады», — деді министр.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...