Алматы — Тараз тасжолы құрылысы қашан аяқталады?

Қазір Алматы мен Таразды жалғайтын тасжолдың Ұзынғаш – Отар учаскесі (101-143 шақырым) ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстырылып жатыр. Оның ішінде транзиттік көліктің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін төрт жолақ салынып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мәліметінше, жоба екі жол өткелінің құрылысын және құм-қиыршық тас қоспасы, С-4 оңтайлы қоспасы және үш асфальт-бетон қабатынан тұратын жол жабындарын төсеуді қамтиды.

«Жұмыс 2024 жылдың 8 сәуірінде басталды, қазіргі уақытта нысанға 131 техника мен 228 қызметкер жұмылдырылды. Жобаны орындау барысында 135 мың текше метр жер төсемі төгіліп, тоғыз шақырым астыңғы қабат және оңтайлы қоспадан жеті жарым шақырым қабат төселді. Су өткізгіш құбырлар мен жол өтпелерін орнату бойынша монтаждау жұмыстары, сондай-ақ материалдарды дайындау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Жақын болашаққа арналған жоспарлар жыл аяғына дейін екі бағытта да жабынның төменгі қабаты бойынша қозғалысты ашуды және жасанды құрылыстар бойынша барлық монтаждау жұмыстарын аяқтауды қамтиды. Учаскені қайта жаңартуды 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған», — деп хабарлады комитет.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.