Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Т.-нің жасы кәмелетке толмаған баласы С. Семей-Қызылорда бағытында өтіп бара жатқан жолаушылар пойызына тас лақтырып, N7 вагонның сыртқы әйнегін сындырып, жалпы сомасы 37 230,85 теңге материалдық шығын келтірген.    Өз кезегінде С.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша Т.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта Т.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

Сот қаулысымен азаматша Т. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, ол 51 688 (елу бір мың алты жүз сексен сегіз) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген.

Өз тілшіміз

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...