Вейптерге тыйым. Қазақстандағы жаңа заң туралы не білу керек?

Бүгін Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға және елге әкелуге тыйым салатын заң күшіне енеді. Ол қалай жұмыс істейтіні туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқыңыз.

Қазақстандықтар арасында танымал вейптерге енді тыйым салынды. Оны шеккеніңіз үшін жазаланбайсыз, бірақ оларды сату, тарату және елге әкелуге қатысты қылмыстық жауапкершілік бар.

Денсаулық сақтау туралы заңға енгізілген түзетулер Қылмыстық кодекске де өзгерістер әкелді. Енді 301-1-бап бар — «Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы«. 1-бөлімде вейптерді сатқаны және таратқаны үшін жаза қарастырылған: 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 738 400 теңге) не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 50 тәулікке дейін қамауға алу.

Баптың 2-бөлігінде вейптерді әкелгені және өндіргені үшін жаза қарастырылған: 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 7,3 миллион теңге) не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/айыру.

Қылмыстық топпен бірнеше рет жасалса және аса ірі көлемде табыс алумен байланысты болса, жаза қатаңдайды: 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (2024 жылы 18,4 миллион теңге) немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айыру.

Ішкі істер министрлігі бұл жағдайда «тарату» нені білдіретінін түсіндірді.

«Тарату — вейптерді басқа адамдарға беру деп түсіну керек. Тарату оны материалдық және өзге де пайданы есепке алмай, кез келген нысанда жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», — деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz редакцияның ресми сұрауына жауап ретінде.

Шеккені үшін айыппұл салына ма?

Рұқсат етілмеген жерлерде вейп шегу үшін темекі шегумен бірдей айыппұл салынады — 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге).

Еске салайық, 19 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?