Мемлекеттік қызметшінің этикасы

Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзыретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдерісін ұйымдастыра білуі, салауатты сөйлеу білуі және мемлекетті қызметшінің әдеп нормалары мен этикетін сақтауы тиіс.

Мемлекеттік қызмет әдебі кәсіби этиканың кіші түрі болып табылады және белгілі бір нормативтік актілерімен реттеледі.

Мемлекеттік қызметшінің этика ұғымы қызметкердің жеке қасиеттерімен байланысты, олар: дұрыстық, мәдениеттілік, әдептілік, объективтілік, жұмысқа шығармашылық көзқарас, күйзеліске төзімділік, саяси және әлеуметтік эрудиция сияқты қасиеттермен сипатталады.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі- шешім қабылдайтын ар-намыс пен адамгершілік кодексінің бір түрі. Кәсіби этика қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін орындау кезінде ұстануға тиісті нақты мінез-құлық ережелерін қамтиды.

Мемлекеттік қызметші ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын және оның қызметін реттейтін заңнамалық және ішкі тәртіптік ережелерін сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшінің негізгі этикалық қағидаттары заңдылық, әділдік және құқық үстемдігі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің этикалық мінез-құлқының негізгі қағидаттарының біріне мүддесіздік қағидаты кіретін жоғары моральдық принциптер жатады.

Мемлекеттік қызметші қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерінен жоғары қоюға, адалдық, тәуелсіздік, сыпайлық және тағы басқа да адамгершілік принциптерін сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік.

Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл, болуы- оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы- Мемлекеттік қызметшінің өз беделі.

Беделдің жиналуы- өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік  және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Департаменті» РММ басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі                                                                    Қ. Есқайров

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...