Қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға да қайырымдық көмек түріндегі көмектер жиі көрсетіледі. Құрбан айт мерекесіне орай Қармақшы және Қазалы аудандық пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек берілді. Қармақшы ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен Қармақшы ауданының “Қармақшы ата” мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 38 отбасына қайрымдылық акциясы ұйымдастырылып, азық-түлік дорбасын таратып ізгі ниет білдірді. Сол қайырымдылық дорбасынан пробация есебінде тұрған 5 отбасына табысталды. Ал, Қазалы ауданында Отбасын қолдау орталығының демеушілігімен есептегі 1 азаматқа азық түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бүгінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды бақылап қадағалап ғана қоймай, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да жұмыс атқарады. Жыл басынан Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған 15 азамат жұмысқа орналастырылып, 20 азамата медициналық, 21 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді,-дейді Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жүнісов Жақсыбек.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...