Сотталғандар отбасымен таксофон арқылы байланысуда

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 109 бабына сәйкес сотталған азаматтың мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сай әрқайсысының ұзақтығы 15 минут таксофон аппараты арқылы сөйлесуге құқығы бар.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің әкімшілігі сотталған азаматтың әлеуметтік байланыста болуын қолдау үшін мекеменің тұрмыстық аймағына жиырмаға жуық таксофон аппараты пайдалануға берілген.
Сотталған азаматтың айтуынша бұл таксофон аппараты анасымен байланысуына мүмкіндік жасауда.

Жаза мерзімімді осы мекемеде өтеп жатқаныма 10 жылдан асты. Бостандықта мені күтіп отырған егде жастағы жалғызбасты анам бар. Оның да Шиелі ауданында тұруына байланысты қысқа мерзімді кездесу мүмкіндігі сирек туындайды. Сол себепті анамның амандығын осы таксофонмен байланысу арқылы біліп отырамын. Бұл мен секілді қаладан жырақ тұратындар үшін өте маңызды. Анамның дәрі-дәрмегіне ақша жіберіп, онымен байланысып тұру ақысын төлеу үшін мекеменің өндірістік аймағында кірпіш өндіруші болып жұмыс жасаймын. Қалған азын-аулақ жалақыма мекеме дүкенінен керек-жарағымды аламын, — деді сотталған азамат. Мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі Ізбасар Медеттің айтуы бойынша таксофон аппараты арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының, не жақын туысының жеке қаражатынан төленеді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...