12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматты.

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

 Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде оқытудың инфраструктурасы қалыптастырылған, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, өңірлік қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары және тағы басқа білім беру мекемелері енеді. Жыл сайын орта есеппен қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі оқытылады, нәтижесінде үш жыл сайын мемлекеттік қызметшілер жүз пайыз оқыту курстарымен қамтамасыз етіледі.

 Меритократия, тиімділік пен нәтижелік, транспаренттілік пен қоғам алдында есеп беру ұстанымдарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуын 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қамтамасыз етті. Аталған Заңға сәйкес, елдің бірыңғай кадрлық саясаты айқындалды, ал ең бастысы міндетті конкурстық іріктеуді енгізу арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке түсудегі тең қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Конституциялық құқықтары жүзеге асырыла бастады.

Мемлекеттік қызметші болу- бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер-билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер. Мемлекеттің атынан жұмысын атқарып, мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкерлердің өзін-өзі ұстауына, адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеу мәнеріне, шеберлігіне, сауаттылығына қарап, азаматтардың да билікке деген сенімі нығаяды. Бір мемлекеттік қызметкердің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне селкеу түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатал.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятыны, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлыққа жанасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының әкімшісі

М.Жебелханова

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...