Қазақстаннан қант экспорттауға шектеу енгізілді

Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрінің 11 маусымдағы бұйрығымен 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.

Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды. Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді.

«Қант шығаруға уақытша шектеу шараларын белгілеу туралы шешім сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда 2024 жылғы 6 мамырда қабылданды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсетіні байқалады. Осыған байланысты қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілген.

«Тұтастай алғанда қазір елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұдан бөлек отандық қант зауыттары қант өндіру үшін үшінші елдерден қамыс шикізатын әкеледі. Қазір министрлік өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикі қантты бажсыз әкелуге өтінімдер қабылдауды жалғастырып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.