19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс. Бұған дейін 30 пайыздық талап негізінен азық-түлік тауарларына қатысты болса, енді бұл норма азық-түлікке жатпайтын өнімдерге де қолданылады.

Жаңа талапқа сәйкес, отандық тауарлардың үлесі әрбір тауар санаты мен кіші санаты бойынша, сондай-ақ сауда нысанының жалпы көлемінде бөлек есептеледі.

Бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттағы сауда нысандарында қазақстандық өнімдер арнайы «Қазақстанда жасалған» белгісімен ерекшеленуі керек. Мұндай тауарлар сатып алушыға жақсы көрінетін және қолжетімді жерге, соның ішінде көз деңгейіне орналастырылады. Сондай-ақ оларды сұранысы жоғары өнімдердің жанына қою қарастырылған.

Өзгерістер электрондық сауда алаңдарына да қатысты. Маркетплейстер іздеу нәтижелерінде қазақстандық тауарларға басымдық беруге міндетті. Алайда бұл талап пайдаланушының жеке параметрлеріне негізделген персоналдандырылған іздеу нәтижелеріне қолданылмайды.

Тиісті өзгерістер сатушы мен электрондық сауда алаңы арасында жасалатын шарттарда да көрсетілуі тиіс.

Жаңартылған қағидаларда басқа да талаптар бар.

Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспауға тиіс.

Сонымен қатар сатушылар тауардың атауы, сұрыпы және бірлікке немесе салмаққа шаққандағы бағасы көрсетілген баға белгілерін міндетті түрде орналастыруы керек.

Интернеттегі хабарландыру алаңдарына да қосымша талап енгізілді. Енді мұндай платформалар жарнама берушілерді тіркеп, олардың жеке басын сәйкестендіруге міндетті. Бұл үшін қазақстандық байланыс операторының нөмірі арқылы екі факторлы аутентификация немесе басқа сәйкестендіру тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Жаңа талаптардың мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық тауарлардың саудадағы үлесін арттыру және онлайн алаңдардағы алаяқтық тәуекелдерін азайту.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов сауда желілерін қазақстандық өндірушілерге көбірек қолдау көрсетуге шақырып, импорттық тауарларға басымдық беру тәжірибесін сынға алған еді. Үкімет басшысы отандық кәсіпорындардың сауда сөрелеріне шығуда түрлі кедергіге тап болатынын айтып, қазақстандық тауарларға басымдық беруді тапсырған.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.