Атырауда адам өлімімен аяқталған жанжал: куәгерлер тың дерек айтты

Атыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қатысты жаңа деректер пайда болды. Екі адам арасындағы жанжалға көліктің сырылып кетуі себеп болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушінің абайсызда басқа адамның көлігін сырып кетуі себебінен жанжал туған. Ашуға булыққан жүргізуші ешбір шешімге келуге тырыспай, марқұмды ұра бастаған. Ол ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды. Марқұмның артында қайғы жұтып тұтас әулет, 4 баласы мен 5 немересі қалған.

«Амандақ ағамыз – елге қызмет қылған ауылымыздың сыйлы азаматы. Елдің алғысын арқалаған, жақсылықтың жаршысы, ақкөңіл, адамды ренжітпек түгілі, жәндікке зияны тимейтін. Ол кісі қолынан қаза тауып, ауылымыздың қабырғасын қайыстырды», – деді марқұмның туысы.

Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына марқұмның қызы жеткен. Ол «әкемді жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқанда, ол ер адам әлі де балағат сөз айтып жатқан» дейді.

Қазір аталған іске қатысты тергеу басталған. Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы істі тікелей жеке бақылауға алғанын хабарлады.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.