Қазақстанда тағы бір құжатты цифрлық нұсқада алуға болады

Қазақстанда тағы бір құжаттың цифрлық нұсқасы шықты. Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толыққан. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.

«Биылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», — дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында Bilim жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастаған еді.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Марқұмның ағасы мұндай талаптың не себепті қойылғанын түсіндіріп, істің мән-жайын айтты.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 5410 адам ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.