«Ақ шағала» Республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы басталды.


Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Республикалық біліктілікті арттыру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұйымдастыруымен, Оқушылар сарайында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтіп жатыр. 9-шы маусым бастауын алған байқау үш күнге созылады.


Фестивальға арнайы Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге, еліміздің 17 облысынан арнайы балалар хореографиялық ұжымдары бақ сынайды.


Балалардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтармен таныстыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізуге жағдай жасау мақсатын жолға қойған бұл фестивальдің конкурстық қойылымдары 10 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласы Оқушылар сарайының Салтанат залында басталады.


Фестиваль бағдарламасы: 9-12 маусым аралығында барлық жарыс қатысушылары Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде болады, олар күні бойы сонда тұрады. Балаларға 5 мезгіл тамақ беріледі, кешкі ойын-сауық бағдарламасы (бір-бірімен танысу, би және ойын-сауық бағдарламасы) ұйымдастырылады. Жарыс күндері балалар “Демалыс ешқашан көп болмайды!» атты сайыс-ойын бағдарламасына, бал биі мен актерлік шеберлік сабақтарына қатысады. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 11 маусымда сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының Салтанат залында өтеді.

ОТ ОТЦА К ДОЧЕРИ: ДИНАСТИЯ МАКАШЕВЫХ

В истории судебной системы Казахстана особое место занимают люди,...

«Алакөл алаулары – 2026» 

Ключевым событием открытия туристического сезона на побережье озера Алаколь...

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...