АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ

Ақмола облыстық прокуратрасының мәліметі бойынша, мамыр айының соңғы аптасында өңірдің 18 тұрғыны интернет-алаяқтықтың құрбаны болып, олардың шығыны 20 млн теңгеден асқан. Онда ұялы байланыс операторының SIM-картаның мерзімін ұзарту мәселесі бойынша қоңырау шалу фактісі тіркеліп, содан кейін алаяқ сілтеме жіберіп, ұялы телефонға қол жеткізіп, несие рәсімдеген жағдай тіркелді. Сондай-ақ, зейнеткерге белгісіз адам қоңырау шалып, өзін баласы ретінде таныстырып, банк картасының суретін жіберуді және телефон нөміріне келіп түскен құпия сөзді айтуын өтініп, әңгіме нәтижесінде ақшалай несие рәсімдеген жағдай да орын алып отыр.

Құқықтық статистикаға көз жүгіртер болсақ, биыл 4 айда алаяқтық қылмыстары республикада 13,7 пайызға ұлғайып, оның саны 14 163-тен 16108-ге дейін өскен. Сәйкес кезеңдермен қарайтын болсақ 2021 жылы–16257, 2022 жылы – 13834, 2023 жылы – 141363 болған еді. Егер Ақмола облысындағы ахуалды қарастыратын болсақ биылғы 4 айда мұнда 733 алаяқтық істер тіркелген. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Оның саны сәйкес кезеңде 2023 жылы – 355, 2022 жылы – 359. 2021 жылы – 676 болған еді. Өңір алаяқтық қылмыстарының саны бойынша Атырау облысымен алтыншы орынды бөлісуде. Алаяқтық қылмыс бойынша Алматы (3131), Астана (3064) қалалары мен Қарағанды облысы (1186) республикада алдыңғы орында болса, бұл тізімді Батыс Қазақстан (255) мен Жамбыл (297) облыстары түйіндеді. Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша, өңір тұрғындарының алаяқтарға аударған қаржысының көлемі 5 айда 100 млн теңгені құраған. Мәселен, мамыр айында Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. Ол жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан 291 миллион теңгеден астам қаражатты қаржы пирамидасына тартқан. Сот үкімімен бұл азаматтың мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал сәуірде «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шыққан еді. Олар да жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Онда салымшылардың шығыны 10 млн теңгені құраған болатын. Сот үкімімен бұл азматтардың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, біреуі 4 жылға, екіншісі 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді...

Нотариустар жасаған атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы дауларды қарау тәжірибесі

Нотариустың атқарушылық жазбасы – азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар...

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...