Алматыда ақылы автотұрақтарға абонемент енгізіледі: оны кімдер қолдана алады?

Қалалық мобилділік басқармасы ақылы автотұраққа абонемент енгізуді қарастырып отыр. Бұл ретсіз тұраққа қарсы күрес және көлік жүйесін жақсартуға бағытталған қадам екені айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автотұрақ кеңістігін дамыту жоспары бүкіл қала үшін бірыңғай тұрақ типологиясын және ашық тарифтік жүйені қамтиды.

«Автотұрақ аймағына жақын орналасқан үйлердің тұрғыны сағаттық төлемнен босатылып, аймақ ішінде (үй маңындағы бірнеше блок) тұрақ билетін сатып ала алады.

Жекелеген жеңілдіктер ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, көпбалалы аналар және басқа да санаттар үшін қарастырылады. Олар көлігін тұраққа тегін қоя алады. Мотоцикл мен электромобиль иелері 50 пайыз жеңілдік беріледі. 3, 6 немесе 12 айға арналған абонемент биыл тамыз-қыркүйекте енгізілуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Ақылы автотұрақ пен айыппұлдан түсетін түсімдер көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталатыны айтылды.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.