Қорғаныс министрлігі әскерге қинап алып кету деректеріне қатысты түсінік берді

Қорғаныс министрлігі әскерге алып кету деректеріне қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар таратылып жатыр.

«Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті. Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері байқалады.

Сонымен қатар, әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді», — дейді министрлік өкілдері.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі.

«Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде  анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық комиссиядан өтуге және шақыру шеңберіндегі басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осының негізінде азаматтардан қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауды және жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз», — дейді министрліктегілер.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.