Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруі: электр энергиясын тұтыну қалай өзгерді?

Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты электр энергиясын тұтыну қалай өзгерді? Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер вице-министрден кей өңірде сағат өзгергеннен кейін қараңғы тез түсетінін ескерсе, қазақстандықтар электр энергиясын көбірек тұтына бастады ма деген сұрақ қойды.

«Жүйелік оператор — KEGOC компаниясы бұл мәселені уақыт ауысқанға дейін қарастырған. Олардың мәліметі бойынша, электр энергиясын тұтынудың өзгеру диапазоны тұтынудың 1-2 пайызы болады, оның ішінде ең жоғары кезеңді қосқанда да. Менің ойымша, олар дәл сандарды ұсынады», — деп түсіндірді Есімханов.

Оның айтуынша, электр энергиясына деген сұраныстың артуына байланысты қазақстандықтар тарапынан ешқандай шағым немесе өтініш түспеген.

ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Құрылтай сайлауының ақшасы қайдан алынады? – ОСК жауабы  

Аумақтық сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімдер дайындап жатыр.

Алматыда сел қаупі жоқ: ТЖМ тәулік бойы бақылау жүргізуде 

Өзендердің жай-күйі туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтарға үздіксіз жеткізіліп отырады.

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?