12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады

Сенатта «Массмедиа туралы» (түпнұсқа атауы — «Масс-медиа туралы»), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне массмедиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Массмедиа мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы» заңдар қаралып, екі оқылымда қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңдарда отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері туралы нормалар қарастырылған. Журналистерге қатысты ескіру мерзімі бір жылға, БАҚ сауалына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылған.

Бұдан бөлек, өзгерістер мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды, кезең кезеңімен 5 пайызға (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көшуді көздейді. Сондай-ақ, отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле -, радиобағдарламалар мен музыкалық шығармалар санын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту (кезең кезеңмен енгізу ұсынылды).

Сондай-ақ, отандық теле-радио арналардағы шетелдік теле-радио бағдарламаларды қайталап көрсетуді 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.

Кодекстер мен заңдарға «БАҚ» деген сөзді «массмедиа» деген сөзбен алмастыратын өзгерістер енгізілген.

«БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ – АДАМ»

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жаңа жолдауын жариялады. Осы орайда Президент Парламенттің ауқымды реформаларға қосқан үлесі үшін өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ депутаттардың қоғамға қажетті заңдарды қабылдап жатқанын да тілге тиек етті.

ЕЛДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 85 МЫҢ ТЕҢГЕ

Елімізде ең төменгі жалақының көлемі аз. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша оның мөлшері халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатындай, яғни, медиандық жалақының кемінде 50 пайызына тең болу керек. Нақтырақ айтқанда кемінде 150 мың теңгеге жетуі тиіс.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

На пути к цифровому будущему: взвешивая возможности и риски

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА С АКЦЕНТОМ НА УСКОРЕННУЮ ЦИФРОВИЗАЦИЮ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА (ИИ) ЗАДАЕТ АМБИЦИОЗНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ НАЦИИ. ЭТОТ КУРС НЕСЕТ В СЕБЕ БОЛЬШОЙ ПОТЕНЦИАЛ ДЛЯ ТРАНСФОРМАЦИИ ЭКОНОМИКИ И ОБЩЕСТВА.