12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аптап, тұман және бұршақ: Елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 5 маусымда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында — 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, шығысына бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.

«БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ – АДАМ»

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жаңа жолдауын жариялады. Осы орайда Президент Парламенттің ауқымды реформаларға қосқан үлесі үшін өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ депутаттардың қоғамға қажетті заңдарды қабылдап жатқанын да тілге тиек етті.

ЕЛДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 85 МЫҢ ТЕҢГЕ

Елімізде ең төменгі жалақының көлемі аз. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша оның мөлшері халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатындай, яғни, медиандық жалақының кемінде 50 пайызына тең болу керек. Нақтырақ айтқанда кемінде 150 мың теңгеге жетуі тиіс.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

На пути к цифровому будущему: взвешивая возможности и риски

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА С АКЦЕНТОМ НА УСКОРЕННУЮ ЦИФРОВИЗАЦИЮ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА (ИИ) ЗАДАЕТ АМБИЦИОЗНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ НАЦИИ. ЭТОТ КУРС НЕСЕТ В СЕБЕ БОЛЬШОЙ ПОТЕНЦИАЛ ДЛЯ ТРАНСФОРМАЦИИ ЭКОНОМИКИ И ОБЩЕСТВА.