Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

«Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.

«Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Құрылтай сайлауының ақшасы қайдан алынады? – ОСК жауабы  

Аумақтық сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімдер дайындап жатыр.

Алматыда сел қаупі жоқ: ТЖМ тәулік бойы бақылау жүргізуде 

Өзендердің жай-күйі туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтарға үздіксіз жеткізіліп отырады.

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?