Талдықорған — Өскемен тасжолының қайта жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

«Талдықорған – Өскемен» тасжолын қайта жаңғырту жұмыстарын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» автожолының қайта жаңару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Қазіргі уақытта 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселген.

«Қайта жаңарудан өтіп жатқан «Талдықорған – Өскемен» автожолы үш облысты қамтиды: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан. Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарланған. Сонымен қатар жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған», — делінген хабарламада.

2023 жылы Талдықорғаннан Абай облысына, Қаракөл ауылынан Аягөз және Өскемен қалаларына дейін қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілгені айтылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 87,3 шақырым (90 шақырымнан) айналма жолы алынып, 127 шақырымға төменгі қабат төселді.

«2024 жылдың басынан бері 35 шақырым асфальтбетон жабыны төселді немесе 45 мың тонна асфальтбетон. Қазіргі таңда қуаттылығы 2,4 мың тонна/сағ-тан асатын 12 асфальтбетон зауыты және 2,3 мың тонна/сағ құрайтын 9 ұсақтап іріктейтін зауыт мобилизацияланып, 861 бірлік техника мен 1312 адам жұмылдырылды».

2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі жолда қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, жобаны аяқтау жоспарланған.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.