12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ» деген болатын. Қазіргі таңда елімізде жемқорлықпен күрес тоқтаусыз жүргізіліп келеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз. Сондықтан қазіргі таңда жемқорлықпен күрес заңнамалары қатаңдатылып, жемқорлар да лауазымына қарамастан ұсталып, жазаланып жатыр. Мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші бо­лып “Сыбайлас жемқор­лықпен кү­рес туралы” Заң қабылдады. Прези­дент жанындағы Жемқор­лық­пен күрес мәселелері жөніндегі ко­мис­сия құ­ры­лып, жұмыс істеп жа­тыр. Мем­ле­кеттік қызметшілердің ар-намыс ко­дексі бекітілген. Сон­дай-ақ аймақ­тарда қызметтік этика ережелерін бұзғандарға және жем­қорлыққа бой алдырғандарға шара қолдану үшін олардың тәртіптік жауапкершілігін қарайтын тәртіптік кеңестер қызмет етуде. Бұдан бөлек жемқорлықтың ал­дын кесіп, оны болдырмау мақ­са­тында Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік құрылды. Яғни жемқорлықпен күрес кешенді түрде жүргізіліп жатыр деп айта аламыз.

Атап өтер жайт, азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оны әрбір қазақстандық, әрбір отбасы бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды. Сондықтан қазір халық тарапынан жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру маңызды болып отыр.

Сара Бекбосынова, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...