Экология вице-министрі Балқашты не ластап жатқанын айтты

Балқашта екі күндік «Балқаш-2024: сын-қатерлер мен шешімдер» халықаралық су-климаттық форумы өтті. Шара екі министрліктің: су және ирригация, экология және табиғи ресурстар, сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Форумға сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысты. Ол Балқаш көлінің ластану мәселесі туралы айтты.

«Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы судың ауыр металдармен, пестицидтермен және басқа да зиянды заттармен ластануына ықпал етеді. Бұл судың сапасын нашарлатады және көлде өмір сүретін биологиялық түрлерге жағымсыз әсер етеді», — деді ол.

Экология министрлігінің хабарлауынша, қоршаған ортаға жанашыр азаматтар «Таза су айдындары» акциясына қатысып, көлдің жағасын қоқыс пен лайдан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.