Синоптиктер 2 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Қазақстанның екі қаласы тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 2 маусымда Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша 2 маусымға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

«ҚР аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты найзағаймен жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін», — деді метеорологтар.

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.