12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алмаз МҰҚАЖАНОВ, Ақмола облысы Дін істері басқармасының басшысы: «АЙМАҚТА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ БАР»

– Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризмнің шектен тыс көбейіп, түрлі қарулы қақтығыстар мен соғыстардың болуы діни ахуалға барынша назар аудару қажеттігін айқын көрсетеді. Бұл орайда аймақтағы діни ахуал қалай? Халықтың діни сауатын ашу және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында шаруалар қалай жүзеге асырылып жатыр?

– Иә, дұрыс айтасыз. Елде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде діни ахуалдың алатын орны ерекше. Бұл әлемнің түрлі елдеріндегі дәстүрлі емес деструктивті діни ағымдардың салдарынан болып жатқан соғыстар саладағы жауапкершіліктің аса зор екенін көрсетеді. Сондықтан діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, халықтың құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл қызметте 2021 – 2025 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, халық арасында деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу жөніндегі 2023–2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау сияқты жұмыс жоспарлары басшылыққа алынады. Өңірде негізінен дәстүрлі дін конфессияларының рөлін нығайту, толеранттылық қағидасы бағытында жұмысты жетілдіру, конфессияаралық қатынастар саласында мемлекет жүргізетін саясатқа халық сенімінің жалпы деңгейін арттыру бағытына назар аударылады.

– Аймақтағы діни бірлестіктер мен конфессиялар жайлы толығырақ мәлімет берсеңіз.

– Діннің тарауы сол аймақтағы діни нысандар мен құлшылық ету орындарының саны мен олардың жұмысы тығыз байланысты. Жыл өткен сайын түрлі діни ағымдар мен олардың өкілдері көбейіп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша облыста конфессияны білдіретін 195 діни бірлестік тіркелгені анықталды. Атап айтқанда өңірде 93 исламдық, 48 православ, 11 католик, 33 протестант, 1 Ехоба куәгерлері, 7 жаңа апостолдық шіркеу, 1 Кришна санасы қоғамы және 1 Бахаи діни бірлестіктері жұмыс істеп тұр. Мұнымен қоса аталған діни ағымдар мен бірлестіктер орналасқан 158 ғимарат бар.Облыс аумағында 32 миссионер тіркелген. Олардың ішінде 19 Польша, 6 Филиппин, 3 Германия, 2 Ресей және 2 Қазақстан азаматтары бар. Бұл миссионерлер халық арасында өздері ұстанатын діни ағымдарды уағыздайды. Біздің есебіміз бойынша 28 миссионер католик дінін, үшеуі жаңа апостолдық шіркеу бағытын және біреуі вайшнавизм дінін насихаттайды. Әрине, діни уағызшылар мен насихаттаушылардың әрекетін бақылау бағытында мемлекеттің қызметі де барын атап өтпеске болмайды. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жүргізіледі. Сондай-ақ, діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы арнайы шешімдер шығарылады. Діни қатынастар саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілетінін атап өткен жөн. Тек осы жылдың басынан бері ғана 5 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, миссионерлерді электрондық форматта тіркеу туралы 5 куәлік берілді.

– Түрлі діни ағымдардың таралуына ақпараттық материалдардың әсіресе, қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің ықпалы аса үлкен екені рас. Бұл орайда қоғамның діни сауатын ашу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына қаншалықты мән берілген?

– Иә, сұрағыңыз орынды. Діни сауаты ашылмаған адамдар ғаламтордан, түрлі әлеуметтік желілер арқылы деструктивті діни ағымдарға еніп кетіп жататын оқиғалар, өкінішке орай, аса көп. Әсіресе, оң-солын әлі танып үлгермеген жас буын үшін аса қауіпті. Сондықтан қоғамда мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыс аумағында құқықтық және дiнтану сауаттылықты арттыру мақсатында құрамында 202 адам еңбек ететін 24 дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсiндiру топтары кешендi жұмыс жүргізуде. Бұл топтарға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші діни конфессиялардың жетекшілері, теологтар, дінтанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Жалпы, бұл ақпараттық түсіндіру топтарымен өткізген іс-шаралардың барлығы мақсатты аудиторияны қамтыды. Негізінен жастар, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметкерлер, өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының қызметкерлері, діндар жамағат, сотталғандар арасында өткізілді. Тек жыл басынан бері ғана облыс аумағында 1782 түрлі форматтағы іс-шара өткізілді, оған 23105 адам қатысты. Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 7724 адамның қатысуымен 190 іс-шара жүзеге асырылды. Әрине, белгілі бір себептермен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатарына енген адамдарды бейімдеу, оңалту және әлеуметтендіру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Халықтың діни сауатын ашу бағытында БАҚ арқылы да жұмыс кеңінен жүргізіледі. Облыста БАҚ-та діни саланы қамтитын 3 мыңнан астам түрлі мақалалар мен бейнероликтер шығарылды. Өткізілген іс-шаралар туралы материалдар дін істері басқармасының ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына орналастырылады.

– Елімізде әлемнің түрлі дін өкілдерінің басын қосқан айтулы жиындар жиі ұйымдастырылып жатады. Бұл орайда өңірде аталған бағытта қандай жұмыстар жүзеге асырылды?

– Діни ағымдар мен бірлестіктер басшыларының қатысуымен түрлі жиындар өткізу біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Облыстың дін істері басқармасы жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы өңірдегі діни бірлестіктер арасындағы маңызды диалог алаңы ретінде ерекше орын алады. Мәселен, биыл 13 наурызда «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуде дін істері және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептері тыңдалды.

– Әңгімеңізге рақмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана»  жобасы жалғасуда

Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласындағы...

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного...

Алматыда жас дизайнерлер байқауының финалдық кезеңі өтті

Алматыда «Activity Boom» жобасы аясында жас дизайнерлер арасында ұйымдастырылған...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет....