Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады.

Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды. Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет.

Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!» — деді Президент.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды

Қазақстанда ресми түрде жаңа мемлекеттік мереке пайда болды, ол демалыс күні болып жарияланады. Бұл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа Конституция күшіне енді: енді қандай өзгерістер болады?

1 шілдеде Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. 1995 жылғы заң қос палаталы Парламент және биліктің бұрынғы архитектурасымен бірге тарих қойнауына енді.

“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“. Тоқаев халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жаңа Конституциясы күшіне енуіне орай үндеу жасады.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.